АҚШ Жоғары соты Трампты қолдады

0
71
дереккөзден

АҚШ Жоғары соты президент Дональд Трамптың мұсылман тұрғындары көп бірқатар мемлекет азаматтарының Құрама штаттар аумағына кіруін шектеу туралы есеп бойынша үшінші иммиграциялық заңына қолдау білдірді.

Бес судья Вашингтон әкімшілігіне қолдау танытса, төрт судья қарсылық бідірген. Сот шешімінде АҚШ президенті иммиграцияға қатысты бұйрық шығарғанда «заңды бұзған жоқ», – деп көрсетілген.

Трамп өз твиттерінде аталған шешімге қанағат білдірді.

Ақ үйдің ресми сайтында жарияланған ақпарда Трамп сот шешіміне «ел азаматтарын қорғауда қажетті дүниелерді басшылыққа алмайтын, бұқаралық ақпарат құралдары мен демократтар тарапынан бірнеше ай шыққан шудан кейін әділеттілік салтанат құрды», – деп пікір білдірді.

АҚШ президенті аталған құжаттың мәтінін бірнеше рет өзгертті. Ең соңғы үшінші нұсқасында АҚШ-қа кіруге алты елдің азаматтарына (мұсылман тұрғындары көп) – Сирия, Ливан, Йемен, Чад, Сомали, КХДР, Венесуэла тыйым салынады.

Ақ үй басшысының бұл шешімі ел аумағында қарсылыққа тап болып, бірнеше наразылық акциялары өтті.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз