Трамп Ресейге қарсы санкциялардың алынып тасталуын жоққа шығармады

0
115
дереккөзден

 АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейден санкциялардың алынып тасталуы орыс тарабының тікелей өз әркетімен байланысты екендігін алға тартты. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Трамп пен Ресей басшысы Путин 16 шілдеде Хельсинкиде алғашқы екіжақты саммит өткізеді.

Өз кезегінде, Ресейден санкциялардың алып тасталуына қатысты сұраққа жауап қайырған Трамп «Ресейдің не істейтінін көреміз», – деп жауап берді.

Сондай-ақ Трамп Путин екеуі көп мәселелерді талқылайтындарын, «Сирия туралы» сөз қозғайтындарын алға тартты.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз