Алматыда екі автобустың соқтығысуы салдарынан 8 адам зардап шекті

0
119
дереккөзден

Алматыдағы Райымбек батыр даңғылында екі автобус соқтығысып, салдарынан сегіз адам зардап шекті. Бұл туралы Sputnik Kazakhstan хабарлайды.

Жол-көлік апаты Бөкейхан және Байзақов көшелерінің қиылысында болған. № 4 автобустың жүргізушісі белгісіз себептермен ТЭЦ-2 арнайы автобусына барып соғылған. Салдарынан сегіз адам зардап шеккен, оның біреуі – бала. Барлық зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасын жол полициясы қызметкерлері мен тергеушілер бақылауына алды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз