Украина Ресейге қарсы санкция салмақ

0
84
дереккөзден

Украина АҚШ-тан кейін іле-шала орыс кәсіпкерлеріне қарсы санкция салмақ.

Алдағы бірнеше күн ішінде арнайы қызметтер және Министрлер кабинеті тиісті шешімнің жобасын Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс кеңесінің қарауына жібереді, – деп мәлімдеді Ураина президенті Пётр Порошенко. Президенттің айтуынша, Ресейге қарсы санкциялар «АҚШ билігінің шешімімен шекті түрде сәйкестендіріледі».

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, Порошенко санкция Ресейде маңызды рөл атқаратын бірқатар азаматқа, сонымен қатар Қырымға қатысты іс жүргізетін және қару-жарақ жеткізумен айналысатындарға қатысты екенін атап өткен.

Құрама Штаттар бұған дейін 7 орыс миллиардеріне қарсы санкция енгізген еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз