Әзірбайжанда кезектен тыс президенттік сайлау

0
92

11 сәуір сәрсенбі, Әзірбайжанда кезектен тыс президенттік сайлау өтуде. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.

Кезекті сайлау ағымдағы жылдың қазанның он жетісінде өткізілуі тиіс болатын. Әзірбайжан Республикасы президенті Ильхам Әлиев кезектен тыс сайлауды 2018 жылдың 11 сәуіріне ауыстыру туралы шешімді 5 ақпан күні жариялаған еді.

Әзірбайжанда2 018 жылғы президенттік сайлаудың басты ерекшелігі мемлекет басшысы бұрынғыдай 5 жылға емес 7 жылға сайланатын болады. 2016 жылы президенттің өкілеттілік мерзімін 5 жылдан 7 жылға ұзарту туралы шешім қабылданған болатын.

Биылғы сайлауға 8 үміткер ұсынылып отыр. Олардың қатарында билік партиясы – «Ени Азербайджан» партиясы ұсынған елдің қазіргі президенті Ильхам Әлиев, өзін-өзі ұсынушы Захида Оруджа, «Ұлттық өрлеу қозғалысы» партиясы ұсынған үміткер Фарад Гулиев, Социал-демократиялық партиясының өкілі Араз Ализаде, Біртұтас халық майданы партиясынан үміткер Гудрат Гасангулиев, Әзербайжан демократиялық партиясынан кандидат Сардар Мамедов, «Жаңа Мусават» партиясынан Хафиз Гуджиев, Ұлттық майдан топтарының өкілі Рази Нуруллаев бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз