20 келі қазы жеңіске жетелейді

0
116
Сурет: Азаттық радиосы

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында бокс жарысы басталды. Бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов боксшылардың дайындығын “ойдағыдай” деп бағалады.

– Жарысты жеңіспен бастадық. Ары қарай да жеңіс көп болады деп ойлаймыз. Азия ойындарында осал қарсылас болмайы. Әрқайсына жеке дайындалу керек. Жігіттерге айтқанбыз. Жігіттердің жейтін тамағына дейін ойластырдық. Әр жарысқа қазы апарамыз. Жігіттердің асы – қазы. Бұл жолы Джакартаға 20 келі қазы алып келдік, – деді жаттықтырушы.

24 тамызда Аслан Шымбергенов (69 келі) пен Азат Махметов (52 келі) екінші айналымға шықты. Шымбергенов алғашқы айналымда индонезиялық Сарохату Лумбатобинді 0:5 есебімен жеңсе, Махметовтің қарсыласы Сұлтан Алнуаими (БАӘ) кездесуге шыққан жоқ. Екінші айналымда Шымбергенов пәкістандық Гул Заибпен, Махметов Азия чемпионатының күміс жүлдегері Ин Ку Киммен (Оңтүстік Корея) кездеседі. Азаттық таратқан ақпаратқа сәйкес Қазақстанның басқа боксшылары рейтингі жоғары болғандықтан жарысты екінші айналымнан бастайды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз