Қазақстанның бесінші алтыны

0
99

Азиада ойындарында қазақстандық Руслан Исраилов джиу-джитсуден 77 келі салмаққа дейінгі санатта финалда жеңіске жетті.

Отандасымыз ақтық кездесуде Қырғызстанның спортшысы Нұрсұлтан Әлімқұловты жеңді. Исраиловтың жеңісімен Қазақстан қоржынында бесінші алтын медаль пайда болды. Осылайша, ел еншісінде қазір 5 алтын, 7 күміс, 27 қола медаль бар.

Бұл – еліміздің джиу-джитсудан Азия ойындарында алған екінші алтыны. 25 тамыз Дархан Нортаев 62 келіде чемпион атанған.

Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин алтын алса, велоспорттан Алексей Луценко Джакартадағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз