АҚШ-та Дэвид Бекхэмге ескерткіш қойылды

0
260
Дэвид Бэкхем ескерткіші. АҚШ.

АҚШта ағылшын футболшысы, “Лос-Анджелес Гэлакси” командасның бұрынғы жартылай қорғаушысы Дэвид Бекхэмға арнап ескерткіш қойылды. Бұл туралы goal.com хабарлады.

Монумент клуб стадионы “Хоум Депот Сентердің” маңында орналасқан. 43 жастағы Дэвид Бекхэм – MLS тарихында ескерткіш қойылған алғашқы аяқдоп шебері. Дэвид “Лос-Анджелес Гэлакси” клубына 2007 жылы еркін агент ретінде барған. Оның алдында “Реал” мен “Манчестер Юнайтедте”, ал АҚШ-тан оралған соң “Милан” және “Пари-Сен Жермен” клубтарында өнер көрсетті. “Гэлакси” сапында Дэвид Бекхэм MLS-де екі рет топ жарды.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз