Ақтөбе футбол клубын Самат Смақов сатып алды

0
109

Ақтөбе футбол клубы Самат Смақовтың басқаруына өтті. Футболшы кезінде өзі қорғаушы ретінде өнер көрсеткен клубта енді 7 жыл бой директор атанбақ. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына сәйкес, 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары бекітілді. Ақтөбе облысы бойынша жекешелендіру нысандарының тізіміне тоғыз коммуналдық-жекеменшік нысаны кірді. Оның ішінде «Ақтөбе» футбол клубы да бар. «Ақтөбе» футбол клубының электронды саудасы үш рет өткізілді. 2018 жылы 20 қарашада өткен сауда-саттықтың нәтижесі бойынша Смақов Самат Кабирұлы жеңімпаз атанды. Ол үшінші сауда-саттықтың жалғыз қатысушысы болды», – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Клуб 108 миллион теңгеге сенімгерлік басқаруға берілді. Бастапқы құны 100 миллион теңге болатын. Келісім бойынша Премьер-Лиганың клубтарына қойылатын регламенттерге сәйкес, клубтың барлық қажетті жарыстар мен сайыстарға қатысуын қамтамасыз ету, УЕФА сайыстарына қатысу туралы құқығын алған жағдайда жарысқа бару міндеттеледі. Қазіргі кадрдың 75 пайызын сақтап, ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен қатар, Ақтөбе облысының аудандарында балалар футболын дамыту талабы қойылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз