Теңге бағамындағы өзгерістер

0
70

Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағамы 368,28 теңге болды. 20 қарашадағы қорытындымен салыстырғанда (364,95 ) ұлттық валюта бағамы 4,02 теңгеге төмендеді. 

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 367,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 369,10 теңге, жабылу курсы бір долларға 368,45 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 91 млн 500 мың долларды құрады. 

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 370,5 теңге, Алматыда – 371 теңге.

Ұлттық Банктің 21 қарашадағы ресми бағамы 1 доллар үшін 364,95 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз