Қанат Ислам мен Брэндон Кук қолғап түйістіруге дайын

0
88

Бүгін Астанада «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өтетін бокстан ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті.

Бокс сүйер қауымның басым көпшілігі WBA InterContinental және WBO-NABO нұсқасының чемпиондық атақтарын сарапқа салатын бірінші салмақ санатындағы қос боксшы Қанат Ислам мен Брэндон Куктың ортаға шығуын асыға күтті. Таразыға бірінші шыққан Брэндон Куктың салмағы 68,78 кг құрады. Қазіргі сәтте аталған қос титулдың иегері отандасымыз Қанат Ислам қарсыласынан бір келіге артық салмақ көрсетті, «Қазақ»-тың салмағы 69,6 келіні құрады.

Ертеңгі бокс кешінде жұдырық түйістіруші өзге де боксшылардың салмақ нәтижелері: Жилберто Дос Сантос (77,7) – Жәнібек Әлімханұлы (78,3), Андреас Матиас (91,4) – Руслан Мырсатаев (99,5), Джастин Томас (80,2) – Әли Ахмедов (79,8), Джонатан Барбадила (70,8) – Айдос Ербосынұлы (72,3), Буэно Исмаэль (71,8) – Мейірім Нұрсұлтанов (73,2), Эдуардо дос Рейес (62,1) – Димаш Ниязов (63,3), Алекс Дуарте (68,3) – Нұрсұлтан Жанабаев (69,8), Бруно Ромэй (67,2) – Жанқош Тұраров (68,5).

Еске салсақ, 9 қыркүйек күні Астанада бокс кеші өтеді, қазақстандық кәсіпқой бокс шеберлері Жәнібек Әлімханұлы, Жанқош Тұраров, Димаш Ниязов, Әли Ахмедов, Руслан Мырсатаев, Айдос Ербосынұлы, Руслан Жайнабаев және тағы басқалары шаршы алаңға шығады деп күтілуде. Кештің басты жекпе-жегі Қанат «Қазақ» Исламның және канадалық Брэндон Куктың қолғап түйістіруі болмақ.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз