Арнайы күштік құрылымдар арасындағы халықаралық жарыста Қазақстан топ жарды

0
51

3-7 ақпан аралығында, Дубайда арнайы күштік құрылымдар арасында халықаралық жарыс өтіп жатыр. 4-күндегі жарыс нәтижесі бойынша, қазақстандық «Сардар» құрамасы қола медаль жеңіп алды.

«The UAE SWAT Challenge», 5 күн өтеді және де 5 түрлі сайыстан тұрады. Олар, тактикалық дайындық, шабуылдау, офицерді құтқару, мұнараға шабуыл және кедергілер алабы болып бөлінген.

Қазақстанның атынан бұл жарысқа, Мемлекеттік күзет қызметінің арнайы жасағы «Сардар», Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағының «А» тобы, ІІМ ішкі әскерилері тобынан құралған «Бүркіт» және «Сұңқар» арнайы жасағы қатысып жатыр.

Сайысқа 48 елден 73 команда қатысуда. Жарыстың бірінші турында, қазақстандық топтардан ең үздік нәтижені «Сұңқар» тобы көрсетті. Олар, бірінші күнді 3 орынмен аяқтады. Онымен қоса, үздік ондыққа ҰҚК «А» тобы (5 орын) және «Сардар» тобы (7 орын) кірді.

Екінші турда, үздік ондыққа тек ҰҚК «А» тобы кіре алды. Олар сайысты 7 орынмен аяқтады. «А» тобына ең жақын нәтижені «Бүркіт» әскерилері көрсетті. Олар, 12 орынға тұрақтады.

Ойынның үшінші күнінде, 73 команданың ішінен бірінші орынды «Сұңқар», екінші орынды «Сардар» тобы иеленді. Үздік үштікті Түркияның арнайы полиция жасағының «А» тобы тәмамдады.

4 турда, қазақстандықтар ел намысын қорғап, үздік үштікке ілінді. Бұл жолы, «Сардар» жасағы ресейлік «Ахмат» пен қырғызстандық «Қалқан» тобына ғана есе жіберді.

Айта кетейік, алда әлі бір тур қалды. Жалпы, ұпай саны бойынша төрт күннің нәтижесінде бірінші орында Дубай полициясының «В» тобы (284 ұпай), одан кейін ресейлік «Ахмат» тобы (274 ұпай) және қазақстандық «Сардар» жасағы (256 ұпай) орналасқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз