Еркін күрестен ұлттық құрама спортшысы қой көтеруден рекорд орнатты

0
436
ақпараттық-спорттық ХАБ

Алматыдағы орталық мешіт алаңында Құрбан айт мерекесіне орай өткізілген ұлттық спорт түрлерінен жарыста алматылық күресші Ілияс Жұмай жеңіске жетті.

Ниет танытқандар арасында өткен жарыс айт намазынан кейін басталды. Ниет танытушылар қой көтеру, қол күрес, асық ату сынды ойын түрлерінен бақ сынасты, деп хабарлайды ақпараттық-спорттық ХАБ.

Басты күрес қой көтеруден өтті. Талап бойынша, қойды мүмкіндігінше көп көтерген адам жеңіске жетеді. Нәтижесінде, алматылық спортшы Ілияс Жұмай 510 рет қой көтеріп, рекорд орнатып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз