Қазақстан футбол құрамасы FIFA рейтингінде 5 орынға төмендеді

0
314
Photo: Turar Kazangapov

31 наурызда жаңартылған рейтинг бойынша футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы халықаралық футбол федерациясының (FIFA) рейтингінде 120 орыннан 125 орынға төмендеді. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында жарияланды.

Бүгіннен бастап ұлттық құрамалар рейтингінде көш басын бразилиялықтар бастады. Бұдан бөлек алғашқы ондыққа Мексика құрамасы кірді. Ал Қазақстан құрамасы Молдова құрамасын жеңіп, ұлттар лигасының С тобындағы орнын сақтап қалғанымен 5 саты төмендеді.

31 наурыздағы жаңартылған FIFA рейтингі:

1. Бразилия – 1832,69 ұпай

2. Бельгия – 1827

3. Франция – 1789,85

4. Аргентина – 1765,13

5. Англия – 1761,71

6. Италия – 1723,31

7. Испания – 1709,19

8. Португалия – 1674,78

9. Мексика – 1658,72

10. Нидерланды – 1658,66,

125. Қазақстан – 1134,77.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз