СІМ: Қазақстан мен Оңтүстік Корея визасыз режимге көшеді

0
281
Қазақстан сыртқы істер министрлігі ғимараты. Photo: MFA Qazaqstan

1 сәуірден бастап Қазақстан мен Оңтүстік Корея визасыз режимді қалпына келтіреді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының үкіметі мен Корея Республикасының үкіметі арасындағы Қазақстан азаматтары үшін визалық талаптарды өзара алып тастау туралы келісім қалпына келтіріледі. Оны бұған дейін Оңтүстік Корея тарапы COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатқан болатын. Осылайша, Қазақстан азаматтары – ұлттық төлқұжат иелері Корея Республикасына қайтадан 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз кіре алады”, – деп хабарлады СІМ.

Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге, оқуға немесе тұруға баратын ел азаматтары виза алуы қажет.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта шетел азаматтары Оңтүстік Корея Республикасына кіруін авторизациялаудың «К-ЕТА» электрондық жүйесі жұмыс істейтінін ескеру қажет. Оған сәйкес елге визасыз режим негізінде келетін шетелдіктерге ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын www.k-eta.go.kr сайты арқылы жоспарланған сапар туралы электрондық хабарлама түрінде өтініш беру және кейін Оңтүстік Корея билігінің елге кіруге рұқсатын алу талап етіледі. Мұндай рұқсат болмаған жағдайда әуекомпания ұшаққа бортқа отырғызудан бас тартуға мәжбүр болады.

Министрлік Оңтүстік Кореяға сапарлайтын азаматтарға осы елдегі пандемия ережелері туралы ақпаратты Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының консулдық мекемелерінде алдын ала нақтылауға кеңес береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз