Қазақстан құрамасы Азиада ойындары үшін Ханчжоуға жетті

0
93
фото: prosports.kz

20 қыркүйекте Азиада ойындары үшін Қазақстан құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласына жетті.

Бұл жарысқа біздің еліміздің атынан 500-ден астам спортшы қатысады. Олар 30 спорт түрінен, оның ішінде 8 спорт түрінен олимпиада лицензиясы үшін сайысқа түседі.

21 қыркүйекте Азиадада Қазақстан туын көтеру рәсімі өтеді, ал сенбіде жарыстың ресми ашылуы өтеді деп күтілуде. Айта кетейік, Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындарында ту ұстайтын атлеттер бокстан Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден көшбасшымыз Надежда Дубовицкая.

Азия ойындары 23 қыркүйекте басталып, 8 қазанда аяқталады. Қытайда Азиада-2022 өткізу туралы шешімді 2015 жылғы 16 қыркүйекте Азия Олимпиада кеңесі (АОК) қабылдады.

Ойындарды бастапқыда 2022 жылдың 10-25 қыркүйек аралығында өткізу жоспарланған болатын, алайда COVID-19 коронавирустық пандемиясына байланысты AOК Ханчжоу-2022-ні 2023 жылға ауыстырғанын жариялады.

Жазғы 19-шы Азия ойындарында барлығы 474 медаль жиынтығы ойналады, оның 381-і олимпиадалық спорт түрлерінен, 93-і олимпиадалық емес спорт түрлерінен. Жарыс 61 спорттық пән бойынша өтеді, оның ішінде 45 – олимпиадалық, 16 – олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз