Қазақстандық хоккейшілер Универсиада-2023 “қоласын” жеңіп алды

0
112
фото: olympic.kz

АҚШ-та өткен студенттер арасындағы универсиадада қазақстандық хоккейшілер қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қола медальға таласта қазақстандық хоккейшілер Жапонияға қарсы ойнаған. Қазақстандықтар кездесуді 8:1 есебімен ойсырата жеңді.

Топтық кезеңде ұлттық құрама екінші орын алды. Жартылай финалда қазақстандықтар Канададан ұтылып, үшінші орынға таласта жапониялықтарды жеңді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз