Астана – Баку бағытында тікелей әуе рейсі ашылып жатыр

0
56
Ұшақ ішіндегі жолаушылар. Photo: Pixabay

Қазақстан мен Әзербайжан астанасы арасында тікелей рейс қайта ашылып жатыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚР ИИДМ сілтеме жасап. 

Әзербайжан “Әзербайжан Хава Йоллары” әуекомпаниясы 10 наурыздан бастап Баку – Астана бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (бейсенбі, сенбі күндері), сондай – ақ 11 наурыздан бастап Баку-Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, жексенбі күндері) тұрақты жолаушылар рейсін қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер А-319, Е-190, Б-757 типті әуе кемесімен орындалады.

Қазақстан мен Әзербайжан астанасы арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз