Қазақстандық қос клуб чемпиондар лигасын сәтсіз бастады

0
147

27 қазанда футзалдан UEFA чемпиондар лигасы басталды. Қазақстандық “Қайрат” пен “Атырау” клубтары топтық кезеңдегі алғашқы ойындарында жеңіске жете алмады. 

“АФК Қайрат” командасы чехиялық “Пльзень” клубына қарсы 3:3 есебімен тең нәтиже көрсетсе, атыраулықтар словениялық “Добовец” клубынан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Естеріңізге сала кетейік, Атырау футзал клубы чемпиондар лигасында өз тарихындағы алғашқы матчын өткізді.

“Қайраттың” топтағы қалған ойындары:
28.10.2021 Қайрат – Тюмень (Ресей)
30.10.2021 Қайрат – Пезаро С/5 (Италия)

“Атыраудың” топтағы қалған ойындары:
28.10.2021 Атырау – Спортинг Л (Португалия)
30.10.2021 Атырау – Аньер Вильнев (Франция)

Айта кетейік, Қайрат клубының топтық кезеңдегі матчтары Италияда, ал атыраулықтардың матчтары Словенияда өтуде. Екі клубтың да тобынан чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне 4 команданың үшеуі жолдама алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз