Қазақстан спортшылары Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында 3 медаль алып, жарысты 20 орынмен аяқтады. 

Тұңғыш алтын медалді шаңғымен тұғырдан секіруден Илья Мизерных жеңіп алса, қола медальдің бірін шорт-тректен 1 000 метр қашықтықта сынға түскен спортшыларымыз Полина Омельчук қанжығасына байлады. Ал екінші қола жүлдені Қазақстан қоржынына хоккейшілеріміз салды.

Қазақстан ҰОК спорт департаментінің басшысы Елсияр Қанағатов Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін мемлекеттік сыйақы көлемін айтты.

«Елімізде кез келген әлемдік додаларда топ жарған спортшыларға нақтылы белгіленген қаржылай сыйақы бар. Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де мемлекеттік сыйақыдан құр қалмайды», – деді ол.

Сонымен қатар жүлделі орындарға қол жеткізген спортшылардың жаттықтырушыларына да сыйақы қарастырылған.

«Чемпион болған спортшыға 10 мың АҚШ доллары, бапкеріне 5 мың АҚШ доллары, екінші орын алған жүлдегерге 5 мың, бапкеріне 3 мың АҚШ доллары беріледі. Ал үздік үштіктен көрінген спортшыларымыз 3 мың АҚШ долларын иеленсе, бапкеріне 2 мың доллар беріледі», – деді ҰОК спорт департаментінің басшысы Елсияр Қанағатов.

Ол жеңімпаз спортшыларға әрбір федерациялар, әрбір жергілікті әкімдіктер өздері қандай құрмет көрсетсе де ешқандай кедергі жоқ екенін де еске салды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз