Бүгін Еуропа лигасының 1/16 финалында сегіз ойын өткізіледі

0
137

UEFA Еуропа лигасында 16 ақпанда 1/16 финалында сегіз ойын өткізіледі, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Басты матчтың бірі ретінде «Барселона» (Испания) және «Манчестер Юнайтед» (Англия) кездесуін айтуға болады.

Аталған кездесу Астана уақытымен 23.35-те «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, «Qazaqstan» телеарнасы елорда уақытымен 01.50-де тікелей эфирде «Ювентус» (Италия) және «Нант» (Франция) кездесуін көрсетеді.

Жарыстың аталған сатысындағы ойындар кестесі төмендегіше:

22:45. Барселона (Испания) – Манчестер Юнайтед (Англия)

22:45. «Шахтер Донецк» (Украина) – Ренн (Франция)

22:45. «Аякс» (Нидерланды) – «Унион Берлин» (Германия)

22:45. «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) – «Рома» (Италия)

01:00. «Спортинг Лиссабон» (Португалия) – «Мидтьюлланн» (Дания)

01:00. «Ювентус» (Италия) – «Нант» (Франция)

01:00. «Севилья» (Испания) – ПСВ (Нидерланды)

01:00. «Байер» (Германия) – «Монако» (Франция)

Ойынның басталуы Астана уақытымен белгіленген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз