Бүгін Токио 2020 Паралимпиада ойындары басталады

0
197
Photo: dw.com

24 тамыз күні Токиода ХVI-шы жазғы паралимпиада ойындары басталады. Дода 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл туралы ұлттық паралимпиада комитеті хабарлады.

Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатын қазақстандықтар кешкі сағат 16:50-де Qazsporttv арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

XVI Паралимпиада ойындарына еліміздің атынан 7 спорт түрінен 25 пара спортшы аттанды. Осылайша, Қазақстан өз тарихында паралимпиадаға қатысатын спортшы санының рекордын бұзды.

Оқи отырыңыз – 24 тамызда Токио 2020 Паралимпиада ойындары басталады

Аталған жолдамалардың жетеуі – суда жүзуден, алтауы – дзюдодан, бесеуі – пауэрлифтингтен, үшеуі – таеквондодан, екеуі – жеңіл атлетикадан. Сонымен қатар отандық спортшылар алғаш рет каноэде ескек есу мен оқ атудан жолдама иеленді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз