Бокс: Қазақстан “Странджа кубогын” 17 медальмен аяқтады

0
232

20-27 ақпан аралығында Болгария астанасы София қаласында өткен “Странджа кубогында” қазақстандық боксшылар 4 алтын, 4 күміс, 9 қола медальға ие болды. Бұл туралы olympic.kz сайты хабарлады.

Халықаралық бокс жарысына қазақстандықтар 13 салмақ дәрежесінің барлығына қатысты, тіпті кейбір салмақ дәрежесінде екі қазақстандық боксшыдан қатысты. Ерлер құрамасынан 9, әйелдер құрамасынан 8 боксшы медальға ие болды.

Ерлер құрамасы – 9 медаль (2+2+5):

1 орын – Махмұт Сабырхан (54 кг)
1 орын – Сағындык Тоғамбай (86 кг)

2 орын – Дамир Әбдікәдір (51 кг)
2 орын – Дулат Бекбауов (67 кг)

3 орын – Санжар Тәшкенбай (48 кг)
3 орын – Тимур Кабдешов (51 кг)
3 орын – Абзал Серік (63,5 кг)
3 орын – Абзал Құттыбеков (92 кг)
3 орын – Нұрлан Сапарбай (+92 кг)

Әйелдер құрамасы – 8 медаль (2+2+4):

1 орын – Назым Қызайбай (50 кг)
1 орын – Валентина Хальзова (70 кг)

2 орын – Дина Жоламан (54 кг)
2 орын – Ләззат Күнгейбаева (+81 кг)

3 орын – Римма Волосенко (60 кг)
3 орын – Дариға Шәкімова (66 кг)
3 орын – Надежда Рябец (75 кг)
3 орын – Анастасия Баязитова (81 кг)

Қазақстан құрамасы бокстағы нәтижелер бойынша командалық есепте 3 орынға тұрақтады. Ал, топты, финалда ешбір боксшысы жеңілмеген Өзбекстан құрамасы бастап тұр.

Алғашқы бестік:

1. Өзбекстан – 7 (6+0+1)
2. Ресей – 21 (5+5+11)
3. Қазақстан – 17 (4+4+9)
4. Болгария – 12 (3+4+5)
5. Үндістан – 3 (2+0+1)

“Странджа кубогына” 36 елден 450 боксшы қатысты. Турнирдің жалпы жүлде қоры 200 000 АҚШ долларын құрайды. Ерлер мен әйелдердің жүлде қоры бірдей болды: чемпиондардың әрқайсысына 4 000 доллардан, финалистерге 2 000 доллардан, қола жүлдегерлерге 1 000 доллардан берілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз