Ташкентте (Өзбекстан) бокстан әлем чемпионатында қазақстандықтар 4 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Алтын медаль:
- Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін),
- Махмуд Сабырхан (54 келіге дейін),
- Дулат Бекбауов (67 келіге дейін),
- Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін)
- Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін).
Финалдың бірінші күні 13 мамырда, екінші күні 14 мамырда өтті.
Санжар Ташкенбай Қазақстанға бокстан әлем чемпионатының алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Финалда Санжар, Сахила Алахвердовиден (Грузия) басым түсті. Дәл осы күні қазақстандық Дулат Бекбауов “күмісті” рәсімдеді. Финалда Дулат, өзбекстандық Асадхуже Муйдинхуджаевтан жеңілді.
Махмуд Сабырхан финалда Ойбек Джураевтан (Өзбекстан) мықты болды. Үшінші раундта қазақстандық қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.
Соңғы наградаларды командаға Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай алып келді. Шымбергенов финалда өзбекстандық Саиджамшид Джафаровты жеңсе Нұрбек Оралбай қытайлық Тоқтарбек Таңатқанға қарағанда мықты болды.
Айта кетейік, әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы 13 салмақ дәрежесі бойынша 13 спортшыны апарды. Өзбекстанда бокстан әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында өтті.
Ал, жалпы құрам бойынша медаль санынан Қазақстан екінші болды:
- Өзбекстан – 5 алтын, 2 күміс, 2 қола
- Қазақстан – 4 алтын, 1 күміс
- Ресей – 2 алтын, 4 қола
- Куба – 1 алтын, 3 күміс, 2 қола
- Франция – 1 алтын, 1 күміс, 1 қола