Қазақстанда жыл сайын адам саудасы бойынша 100-ден аса қылмыс тіркеледі

0
75

Бұл туралы адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелер жөніндегі форумда мәлім болды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ІІМ «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заң жобасын әзірледі.

– Адам саудасының проблемалары әлемнің барлық елдеріне тән. Қазақстанда да бұл мәселе кездеседі. Жыл сайын елде осындай 100-ден астам қылмыс тіркеледі. Жыл басынан бері 65 қылмыс анықталды, аталған салада ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, – деді министр.

Жоба 6 тараудан тұрады. Олар мыналарды қамтамасыз етеді:

– жаңа тұжырымдамалық аппаратты енгізу
– уәкілетті мемлекеттік органдарды құру
– халықаралық ынтымақтастық негіздері
– ҮЕҰ рөлін анықтау
– жәбірленушілердің (оның ішінде кәмелетке толмағандардың) құқықтары мен міндеттері.

Айта кетейік, іс-шарада басқа елдердегі адам саудасына қарсы күрес бағытындағы халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелер талқыланады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз