“Марқұм қайтыс болмай тұрып маған хат жолдады” – Депутат әскердегі үлкен проблеманы айтты

0
220
фото: мәжіліс отырысы видеосынан скриншот

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Руслан Берденов ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары Қалқабаев Маратқа әскердегі лудомания (ойын құмарлық) үлкен мәселе болып отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

«Марқұм қайтыс болған жігіт, қайтыс болмай тұрып, екі күн бұрын маған анонимді түрде хат жазған. Және ол жағдай бір ғана жағдай емес. Үлкен курстағылар да ойнайды. Сіздердің әріптестеріңіз де ойнайды. Сол себепті бұл мәселені сіздер тек қана осы жағдайға байланысты бір кішігірім отчет жасап қоймай, үлкен, жан-жақты жұмыс жасасаңыздар дұрыс болады. Бұл әскери органдарда өте үлкен проблема. Мен күн сайын әртүрлі хаттар алып тұрамын. Осы мәселе бойынша депутаттармен бірге адамдармен бөлек-бөлек кездесіп жатырмыз», -деді Р.Берденов.

ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев аталған мәселеге қатысты проблеманың бар екенін және осыған орай қолдан келген қажетті шешімдерді қабылдайтынын айтты.

Ал Халықаралық істер қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы, депутат Айгүл Сайфоллақызы лудоманияның Ұлттық қауіпсіздік комитетінде осы бір ғана жағдайы тіркелгенін, ал әскер мен ұлттық ұланда бұл жағдайлар бұрын да кездескенін атап өтті.

Айта кетейік, 30 сәуір күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының жатақханасынан 3-курс сарбазының мәйіті табылған болатын. Өлімнің себебі – өзін-өзі өлтіру.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз