Ердоған президент сайлауының бірінші турында жеңе алмады

0
178

14 мамырда Түркияда президент және депутатттар сайлауы өтті. Жергілікті БАҚ ақпараты бойынша жиналған дауыстың 98,7 пайызы саналғаннан кейін, ешбір кандидат 50 пайыздан жоғары нәтиже жинамағаны анықталды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Түркия бойынша берілген дауыстың 98,7 пайызы тексерілген. Нәтижесінде:

  1. Режеп Тайып Ердоған – 49,4 пайыз дауыс
  2. Кемаль Кылычдароглу – 45 пайыз дауыс
  3. Синан Оган – 5,2 пайыз дауыс жинаған.

Айта кетейік, сайлауға 3 күн қалғанда президенттікке төртінші кандидат Мұхаррем Инже сайлаудан бас тартқан еді.

Ереже бойынша сайлауда толыққанды жеңу үшін кандидаттардың біреуі 50 пайыздан астам дауыс жинау керек. Енді Түркияда Ердоған мен Кылычдароглу сайлаудың екінші турында президенттікке таласты жалғастырады. Сайлаудың екінші туры 28 мамырда өтеді. Алайда, сайлаудың 1 турының толық нәтижесі ресми түрде 19 мамырда жарияланады.

Депутат сайлауында 98,6 пайыз дауыс саналған. Оның ішінде алғашқы үштікте билік партиясы (AK parti) 35,4 пайыз, Республика халық партиясы (CHP) 25,4 пайыз, Ұлтшыл халық партиясы (MHP) 10,1 пайыз жинаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз