Дихандар банкрот болудың алдында тұр – Депутат

0
118

Елімізде дихандар үкіметтің жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасынан қол үзген. «Кең дала» бағдарламасы арқылы қаржы ала алмай отыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Бұл туралы «Respublica» партиясының төрағасы, депутат Айдарбек Қожаназаров мәлімдеді.

Депутат, нақтырақ айтар болсақ, жылыжай шаруашылығымен айналысатын шаруалардың, бау-бақша өнімдерін өсіретін дихандарға үкімет тарапынан қолдау көрсетілмейтінін айтты.

«Қазір ең басты проблема – дихандарға көктемгі дала жұмыстарын өткізуге қаражат тауып беру. Бау-бақша өсіретін, жылыжаймен айналысатын дихандарымыз бүгінде үкіметтің жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасынан қол үзген, оларға Кең дала бағдарламасымен қаржы алуға мүмкіндік жоқ», – деді Айдарбек Қожаназаров.

Депутаттың айтуы бойынша, бұл мәселені шешу үшін ауыл шаруашылығы министрлігі мен аграрлық несиелік корпорация бар болғаны 262 бюджеттік бағдарламаның қаржылық экономикалық негіздемесіне өзгеріс енгізсе жеткілікті болады.

Бұдан бөлек Айдарбек Қожаназаров қаржылық қиындықтарға тап болған кәсіпкерлер өндірісті тоқтатып жатқанын және дихандарда жан-жақты қолдау болмаса, толықтай импортқа тәуелді ел болуымыз ықтимал екенін мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз