“Canelo” Головкинмен жекпе-жекте қанша табыс тапты?

0
96

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (Канело) отандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинмен екі жекпе-жегінде 36 миллион кіріс көрген. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Канело Головкинмен өткізген екі жекпе жегінен тапқан табысының арқасында Forbes журналында америкалық спортшылар тізімінің көшін бастап тұр.

Тапқан табысының 5 миллионы Мексика мен АҚШ-тағы жарнамадан түскен. Ал Головкинмен екінші бәсекесі мексикалық боксшыға 15 миллион табыс әкелді. Бұл көрсеткіш АҚШ пен Мексикадағы демеушілік келісімшарттар мен PPV сатылымдарын есептемегендегі баға.

Геннадий Головкин Сауль Альвареспен екі жекпе-жегінде 89 миллион доллар табыс тапқан.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы алғашқы айқас 2017 жылдың 16 қыркүйегінде T-Mobile аренасында өтіп, тең аяқталған. 2018 жылдың 15 қыркүйегінде өткен қарымта жекпе-жекте жеңіс мексикалыққа бұйырды. Бүгінгі таңда екі боксшы да нағыз мықтыны анықтау барысында үшінші рет жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз