Дзюдошы сарбаз әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

0
258

Әскери спортшы, лейтенант Ғұсман Қырғызбаев Будапеште өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғұсман Қырғызбаев жарыстың бірінші күнінде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлде еншіледі. Жартылай финалда француз қарсыласы Валид Херді жеңіп, финалда Ресейден келген Яго Абуладзеге есе жіберді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 580 білекті атлет турнирде бағын
сынауда. Турнир 13 маусым күні аяқталады. Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысу үшін көрсеткіш ұпайлар алатын болады.

Еске сала кетейік, лейтенант Ғұсман Қырғызбаев 2020 жылы
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жасаған рейтингтің қорытындысы бойынша 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемнің ең мықты дзюдошыларының ондығына кірген.

  • Армия спортшысы Ғұсман Қырғызбаев ұлттық құраманың мүшесі;
  • Әскери қызметшілер арасындағы 2016 жылғы CISM (халықаралық әскери спорт кеңесі) әлем чемпионатының жеңімпазы;
  • 2017 жылғы Еуропа Ашық кубогының қола жүлдегері;
  • 2018 жылғы Гран-при кезеңінің чемпионы;
  • 2018 жылғы Әлемдік Гран-при кезеңінің күміс жүлдегері;
  • 2019 жылғы «Үлкен дулыға» (Grand Slam) турнирінің чемпионы;
  • 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері;
  • 2021 жылғы Әлемдік Гран-при кезеңінің қола жүлдегері.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз