Орхан Инандының адвокаты ұрланған күні көлік бейнекамерасына түсіп қалған кадрларды жариялады

0
158
Photo: Facebook/Taalaygul Toktakunova

Қырғызстандағы Халықаралық “Сапат” білім беру мекемелерінің президенті Орхан Инанды жоғалып кеткен күні оның көлігіндегі бейнекамераға белгісіз адамдар түсіп қалған. Алайда тергеушілер бейнематериалды әлі алмаған. Бұл туралы Орхан Инандының адвокаты Таалайгүл Тоқтақынова 9 маусым күні Facebook парақшасында хабарлады.

Оқи отырыңыз: Орхан Инанды жоғалып кеткелі бір апта өтті. Әйелі оны елшілікте күштеп ұстап отырғанын айтады

Адвокат жазбасындағы суреттердің Орхан Инанды жоғалар алдында көлік бейнекамерасына түсіп қалған соңғы кадрлар екенін айтады.

Photo: Facebook/Taalaygul Toktakunova
Photo: Facebook/Taalaygul Toktakunova
Photo: Facebook/Taalaygul Toktakunova
Photo: Facebook/Taalaygul Toktakunova
Photo: Facebook/Taalaygul Toktakunova
Photo: Facebook/Taalaygul Toktakunova
Photo: Facebook/Taalaygul Toktakunova

Суретте бейтаныс бір адамның көзге ерекше түсетіні байқалады. “Оның кім екенін бәлкім біреу білетін шығар”, – деп сауал тастайды құқық қорғаушы.

“Жақындарының айтуынша, тергеуші бейнекамерадағы жазбаларды алған жоқ. ІІМ өкілі “тірі куәгерлер” немесе ықтимал ұрлаушылардан гөрі құрылыс алаңдарын іздегенді құп көрген ау”, – дейді Тоқтақынова.

Адвокат видеоны тергеушіге бергенін хабарлады.

  • Қырғызстандағы Халықаралық “Сапат” білім беру мекемелерінің президенті Орхан Инанды соңғы рет байланысқа 31 мамыр күні кешкі 6-да шыққан. Содан бері оның қайда екені белгісіз. Көлігі келесі күні есіктері ашық күйде табылған. Ішіндегі бағалы заттар ұрланбаған.
  • Оқиғаға ел президенті Садыр Жапаровтың өзі араласып, құзырлы органдарға іздеу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
  •  “Сапат” білім беру ұйымы және түлектері Орхан Инандының қайда екені туралы ақпаратқа сыйақы тағайындағанын мәлімдеген.
  • 2012 жылдан бері Қырғызстан азаматы Орхан Инанды “Сапат” мектептері мен “Ататүрік Ала-Тоо” университетінің негізін қалаушылардың бірі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз