Ең жоғары жалақы алатын 10 футболшы

0
157

Әлемде ең жоғары жалақы алатын футболшылардың көшін қатарынан 5 мәрте “Алтын доп” иегері атанған Лионель Месси бастап тұр. Оның жылдық табысы 40 миллион еуроны құрайды. 

Екінші орында осы жылдың жазында “Реалдан” Туриннің “Ювентус” клубына ауысқан Криштиану Роналду. Оның Мадридтік клубтан кетуіне бір себеп болған бір фактор да осы жалақы мәселесі еді. Португалдық шабуылшы жаңа командасында жылына 31 миллион еуро алады.

Неймар да Силва Сантос Жуниор ең жоғары жалақы алатын футболшылардың ішінде үшінші орынға табан тірепті. Францияның ПСЖ клубында ойнайтын бразилиялық Неймардың жалақыдан алатын жылдық табысы -30 миллион еуроны құрайды.

Сонымен қоса, ең жоғары жалақы алатын футболшылардың ондығына Андрес Иньеста(25 миллион еуро, “Виссел Кобе”), Оскар (24 миллион еуро, “Шанхай Теллэйс”), Алексис Санчес (22,5 миллион еуро, “Манчестер Юнайтед”), Антуан Гризманн (20 миллион еуро, “Атлетико”), Халк (20 миллион еуро, “Шанхай СИПГ”), Хавьер Маскерано (19 миллион еуро, “Хэбэй Чайна Форчун”) және Габи (19 миллион еуро, “Аль-Садд”) енген.

Қараша айында Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялаған болатын. Бұл рейтинг бойынша қазіргі таңда ең бағалы футболшы – Килиан Мбаппе.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз