Мәскеудегі әуежайда ұшақ адам қағып кетті

0
82

Мәскеудің Шереметьево әуежайынан ұшып бара жатқан «Мәскеу-Афины» бағытындағы ұшақ ер адамды қағып, мерт қылды.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қаза тапқан ер адам Испаниядан департацияланған Армения азаматы болып шықты. Ол Ресейде ұшақ ауыстырып еліне бет алған болатын. Оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары басталды. Ал, ұшақ кері қайтарылмай Грекияға сапарын жалғастырды.

«Шереметьево әуежайында жергілікті уақыт бойынша сағат 20:10-да Мәскеу-Афины бағытн бетке алған ұшақ жол бойымен қозғалып бара жатқанда белгісіз затпен соқтығысқаны туралы хабарланған. Оқиға орнын тексеру фактісі барысында онда ер адамның өлі денесі, киімі және өзге де жеке заттары табылды», – деді әуежайдың қоғаммен байланыс дирекциясының басшысы Анна Захаренкова.

Оның айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары, авиациялық қауіпсіздік және көліктік полиция қызметі дереу келіп жеткен. «Қаза болған ер адамның аты-жөні анықталды, ақпарат тиісті жедел іс-шараларды өткізу үшін полицияға жіберілді», – деді ол.

Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары басталды. Прокуратура, сондай-ақ, Шереметьево әуежайындағы ұшып-қону жолағында ер адамның өлімінен кейін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заң талаптарының орындалуын тексеруді бастады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз