Елена Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

0
167
Елена Рыбакина. Photo: EPA

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік теннис турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинаны ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды”, – делінген президент баспасөзінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 9 шілдеде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 23-ракеткасы) Wimbledon жарысының финалында тунистік Онс Жаберді (әлемнің 2-ракеткасы) жеңіп, Grand Slam турнирлерінде алғаш рет жеңімпаз атанды. Елена Рыбакина – Grand Slam жарыстарының жекелей сынында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық теннисші.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз