Франция Марокконы жеңіп әлем кубогінің финалына шықты

0
183
Франция футболшыларының қуанышы. Photo: Fifa.com

Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Франция құрамасы Марокконы 2:0 есебімен жеңді. Франция финалда Аргентинамен ойнайды. Ал Морокко Хорватиямен қола жүлдені сарапқа салады.

Француз футболшылары бұл ойынның әр таймында бір голдан соқты. Матчтың 5-минутында Эрнандес есепті ашса, 79-минутта Муани оны еселей түсті.

Финал 18 желтоқсан күні болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз