Қазақстан өз алаңында әлем чемпиондарын қабылдайды

0
343
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы.

28 наурыз күні кешкі сағат 19:00-де футболдан әлем чемпионаты 2022 топтық іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Франция құрамасына қарсы ойын өткізеді.

Матч Нұр-Сұлтан қаласындағы Астана Арена стадионында эпидемиологиялық жағдайға байланысты көрерменсіз өтеді.

Қазақстан ұлттық құрамасының әлем чемпионаты топтық кезеңінің 2 турына шақыру алған ойыншылар тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Александр Мокин, Стас Покатилов, Бекхан Шайзада, Мухамеджан Сейсен;

Қорғаушылар: Марат Быстров, Абзал Бейсебеков, Темірлан Ерланов, Сергей Малый, Александр Марочкин, Руслан Валиуллин, Олжас Керімжанов, Нұралы Әліп, Ян Вороговский, Тимур Рудосельский, Дмитрий Шомко, Тимур Досмағамбетов;

Жартылай қорғаушылар: Бахтиёр Зайнутдинов, Асхат Тағыберген, Серікжан Мұжықов, Азат Нұрғалиев, Рамазан Оразов, Айбол Әбікен, Данияр Үсенов, Владислав Васильев, Еркебұлан Тұңғышбаев, Эльхан Астанов, Максим Федин, Максим Самородов;

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Рамазан Каримов.

Франция ұлттық құрамасынан Қазақстанға келетін футболшылар тізімі төмендегідей: 

Қақпашылар: Альфонс Ареоля, Уго Льорис, Майк Меньян, Стив Манданда;

Қорғаушылар: Люка Динь, Лео Дюбуа, Люка Эрнандес, Преснель Кимпембе, Клеман Лангле, Ферлан Менди, Бенжамен Павар, Рафаэль Варан, Курт Зума;

Жартылай қорғаушылар: Нголо Канте, Танги Ндомбеле, Поль Погба, Адриен Рабьо, Мусса Сиссоко;

Шабуылшылар: Виссам Бен Йеддер, Кингсли Коман, Усман Дембеле, Оливье Жиру, Антуан Гризманн, Тома Лемар, Антони Марсьяль, Килиан Мбаппе.

Бұл топтық кезеңдегі Қазақстан құрамасы үшін алғашқы ойын. Себебі D тобында 5 құрама болғаны үшін Қазақстан құрамасы ойынды екінші турдан бастайды. 1 турда Финляндия өз алаңында Босния және Герцеговинамен 2:2 есебімен тең ойнаса, Франция да өз алаңында Украинамен 1:1 есебімен тең ойнады.

Қазақстан ұлттық құрамасының әлем чемпионаты 2022 іріктеу кезеңі D тобындағы ойындар тізімі:

  • 28.03.2021 Қазақстан – Франция
  • 31.03.2021 Украина – Қазақстан
  • 01.09.2021 Қазақстан – Украина
  • 04.09.2021 Финляндия – Қазақстан
  • 07.09.2021 Босния және Герцеговина – Қазақстан
  • 09.10.2021 Қазақстан – Босния және Герцеговина
  • 12.10.2021 Қазақстан – Финляндия
  • 13.11.2021 Франция – Қазақстан

Әлем чемпионаты 2022 жылы 21 қараша – 18 желтоқсаy аралығында Катар елінде өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз