Алматыда коронавирустың британдық және Оңтүстік Африка штамы анықталды

0
459

Алматыда жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша коронавирус инфекциясының британдық және оңтүстік африкалық екі жаңа штамы анықталды. Бұл туралы жұма күні қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшинге сілтеме жасап орталық коммуникациялар қызметі хабарлады.

“Жаңа штамдар өте тез жұғады. Алдыңғы штаммен салыстырғанда жаңа штамның жұғу деңгейі 70 пайыздан жоғары. Яғни, аталған инфекция өте тез жұғады. Соңғы уақытта қалада байқалып жатқан ауру өсімі де содан”, – деді Бекшин.

Қазір Алматы қаласы коронавирус бойынша “қызыл аймақта” тұр. Биыл қалада 12 800 адамнан коронавирус анықталған. Бекшиннің айтуынша, “мутацияланған штамм тараған шақта ауру өсімі де жоғары болады”.

Бекшиннің сөзінше, Алматыда британдық штамның пайда болуына Түркия арқылы түрлі елдерден қазақстандықтардың оралуы себеп болуы мүмкін, себебі Стамбул әуежайлары “жер шарының оңтүстік бөлігі үшін негізгі хаб” саналады.

Қала билігі халыққа жаппай екпе жасау үшін “Спутник V” вакцинасының ірі партиясын күтіп отырғанын айтады. 25 наурыз күнгі мәлімет бойынша, қалада 12 550 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз