Франция құрамасы Қазақстанға сапары туралы видео жариялады

0
749
Photo: Video grab

Футболдан Франция ұлттық құрамасы Нұр-сұлтан қаласына Қазақстанмен матчқа сапары туралы бейнеролик жариялады.

26 наурызда Франция әлем чемпионаты – 2022 іріктеу турнирі үшін Қазақстанға келді. Кездесу 28 наурызда “Астана Аренада” сағат 19.00-де өтеді және Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Матч жанкүйерсіз өтеді.

Бүгін Франция құрамасы “Астана Арена”стадионында жаттығу өткізеді.

Қазақстан үшін бұл әлем чемпионаты – 2022 іріктеу кезеңінің алғашқы матчы болмақ. Франция өз алаңында Украинамен тең ойнады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз