Футболдан ұлттық құраманың рейтингі 4 орынға көтерілді

0
194
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы.

FIFA (Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы) ұлттық құрамалар арасындағы қыркүйек айының жаңа рейтингін шығарды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы 124-орыннан 120-орынға көтерілді. Ұлттық құраманың еншісінде 1151 ұпай бар.

Айта кетейік, қыркүйек айында Қазақстан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде үш кездесу өткізді. Алдымен Талғат Байсуфиновтің тәлімгерлері Нұр-Сұлтанда Украина құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Кейін сырт алаңда Финляндиядан 0:1 есебімен жеңілсе, кейін тағы сырт алаңда Босния және Герцоговина құрамасымен 2:2 есебімен тең түсті.

Рейтингтің көш басында Бельгия (1832 ұпай) тұр. Екінші орында Бразилия (1811) болса үздік үштіктің қатарына Англия (1755) құрамасы көтерілді.

FIFA рейтингі (16.09.2021):

1. ?? Бельгия – 1832 ұпай
2. ?? Бразилия – 1811
3. ??????? Англия – 1735
4. ?? Франция – 1754
5. ?? Италия – 1735
6. ?? Аргентина – 1725
7. ?? Португалия – 1674
8. ?? Испания – 1673
9. ?? Мексика – 1666
10. ?? Дания – 1658

27. ?? Украина – 1520
55. ?? Финляндия – 1407
57. ?? Босния және Герцеговина – 1405
119. ?? Нигер – 1156
120. ?? Казақстан – 1151
121. ?? Жаңа Зеландия – 11491.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз