Жамбылдағы жарылыстан ақпарат таратқан журналистерді полиция шақырды

0
270
Жамбылдық журналист Данияр Әлімқұл.

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде тараған ақпаратқа байланысты “Көрінеу жалған ақпарат тарату” бабымен қылмыстық іс қозғалды, екі журналисті полиция  шақырды.

Олардың бірі 7 арнаның тілшісі Данияр Әлімқұл, екіншісі Turaninfo.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Исламбек Дастан.

Қылмыстық іске нақты қандай жайт түрткі болғаны белгісіз. Әлеуметтік желіде бұған дейін мәселе “бір депутаттың/кәсіпкердің үйінде үйіліп жатқан снарядтардан басталса керек” деп жазған. Кей мәліметке қарағанда, журналистердің бірі сол маңнан ақпарат таратқан.

Журналистердің полицияға шақырылуына қатысты ақпарат министрі Аида Балаева Азаттық радиосына пікірін айтты.

– Құқық қорғау органдары оны беталды ұстамайды ғой. Бұл жерде ең бастысы не үшін [полицияға шақырғанын] білу керек. Жалпы министр ретінде [айтарым] әр журналист өзінің жұмысын істеуі керек. Халыққа дұрыс ақпарат таратуы тиіс, – деді министр Балаева.

Қазір интернетте тергеліп жатқан журналистерді қолдау мақсатында қол жинау басталған. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз