GGG әлем чемпионы атағынан айрылды

0
107

IBF (Халықаралық бокс федерациясы) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) әлем чемпионы атағынан айыруға шешім қабылдады.

22 мамырда Спрингфилде Головкин мен IBF қатарындағы оның міндетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО), сонымен қатар олардың командалары қатысқан отырыс өткен болатын.

Халықаралық бокс федерациясының комиссиялары қос тарапты тыңдап, бүгін Головкинді 3 тамызға дейін Деревянченкомен жекпе-жекке шығудан бас тартқаны үшін IBF белбеуінен айыру туралы шешім қабылдады.

Головкин мен Деревянченко арасында жекпе-жек өтпеді. Себебі Головкин мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реваншқа түсуді жоспарлаған болатын. Алайда қаржылық түсініспеушіліктерге байланысты келіссөзге қол қойылмады.


Айта кетейік, IBF атағын Головкин 2015 жылы канадалық Давид Лемьемен жекпе-жекте техникалық нокаутпен жеңіп алған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз