Катар НАТО-ға кіруге ниетті

0
214
дереккөзден

НАТО-ға кіру Катардың ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаты. Бұл туралы сейсенбі 5 маусымда Катардың қорғаныс министрі Халед бен Мұхаммед әл-Атыйя мәлімдеді. Қорғаныс министрінің айтуынша, Катар Солтүстік атлантикалық альянстың «келісімге келмеген басты одақтасы».

Deutche Welle басылымы таратқан ақпарға сәйкес, Әл-Атыйя Катар аймақтағы «қару-жарақ сапасы бойынша» негізгі мемлекет екенін алға тартты. Доха «өзінің арнайы орталықтарының бірін» НАТО-ға орналастыра алады, деп атап өтті әл-Атыйя.

2018 жылы Солтүстік атлантикалық альянс Катармен құпия мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін қауіпсіздік саласындағы келісімге қол жеткізді. Келісімге қол қою барысында катар әскері халықаралық кооперациясы басқармасының басшысы, генерал Тарик Халид әл-Обаидли және НАТО бас хатшысының орынбасары Роуз Геттемюллер ынтымақтастық бойынша Стамбұл бастамасы (ІСІ) аясындағы әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Катардан өзге ІСІ құрамындағы әріптес елдер қатарына Бахрейн, Кувейт және БАӘ кіреді. Аталған мемлекеттер де НАТО-мен қауіпсіздік саласында келісімге қол жеткізді.

Дипломатиялық дағдарыс

2017 жылдың маусымында Сауд Арабиясы, БАӘ, Мысыр мен Бахрейн Катарады лаңкестікті қолдауда айыптап, аталған мемлекетпен дипломатиялық қатынастарын үзді. Катарға 13 пунктен тұратын талап етілетін тізім ұсынылды. Соның ішінде – «Әл-Джазира» телеарнасының жабылуы және түрік әскери базасын жабу деген талап бар. Сондай-ақ Иранмен дипломатиялық қатынасын үзу, лаңкестік топтарды қаржыландыруды доғару да сұралған. Өз кезегінде, Иран аталған төрт мемлекеттің бұл айыптауларын негізсіз деп санайтындарын жеткізді.


НАТО, Солтүстік атлантикалық альянс – Еуропаның бірқатар елдерін, АҚШ, Канаданы біріктіретін әскери-саяси блок. 1949 жылы АҚШ-та құрылған.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз