Golden Boy-2021: Еуропаның үздік жас футболшысы анықталды

0
205
photo: insidesport.com / Golden Boy Award

Tuttosport басылымындағы сайлау нәтижесі бойынша Барселона футбол клубының 18 жастағы ойыншысы Педри (Педро Гонсалес) ең үздік жас футболшы атанды.

Өткен жылы бұл титулды Боруссия Дортмунд клубының ойыншысы Эрлинг Халанд жеңіп алды.

Сайыстың ережесі бойынша жарыс тек 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионаттарында өнер көрсетіп жүрген футболшылар арасында өтеді. Жүлдегерді анықтау үшін Еуропаның танымал газет-журналдарынан 40 спорт журналисі дауыс береді. Соның ішінде 24-і Педриді бірінші орынға қойса, 9-ы екінші орынға, ал 3-еуі үшінші орынға қойған. Осылайша Педри (318 ұпай) өзінен кейінгі екінші орында тұрған Боруссия Дортмунд ойыншысы Беллингемнен (119 ұпай) 199 ұпай айырмашылығымен басып озды.

photo: tuttosport.com / Pedri

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз