Головкин кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

0
250

19 желтоқсанда АҚШ-та өткен қазақстандық Геннадий Головкин мен польшалық боксшы Камил Шереметаның жекпе-жегі GGG-дың жеңісімен аяқталды.

Головкин бірінші раундтан-ақ қарсыласын нокдаунға жіберіп басымдық байқатты. Екінші, төртінші және жетінші раундта да Шеремета құлап, қайта-қайта тұрумен болды.

Бірінші раундта-ақ қазақстандық боксшы Шереметаға жойқын соққы жасап, біраз есеңгіретті. Алайда төреші уақыт санай бастаған кезде поляк спортшы орнынан тұрып, жекпе-жекті жалғастырды.

Головкин жекпе-жекті кез келген раундта аяқтауға әзір болғандай, алайда бокс жанкүйерлері үшін шоу жасағандай көрінді. Бірақ жетінші раундта Шеремета техникалық нокаутқа түсті. Оның командасы сегізінші раундқа шығудан бас тартты.

GGG осымен IBF және IBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулын 21-ші рет қорғап рекорд жасады.

Жекпе-жектен соң Головкин қазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Головкин бұған дейін кәсіби карьерасында 40 кездесу өткізді, 38-інде жеңіске жетті (35 нокаутпен). Сауль Альвареспен бір жекпе-жегінде есеп тең болды. Бұдан соң дәл осы боксшыдан жеңілді.

Камил Шеремета 21 жекпе-жек өткізіп, бәрінде басым түсті. Бесеуінде қарсыласын нокаутқа түсірген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз