Шымкентте карантин ұзартылды

0
141

Шымент қаласында карантин шектеулері 11 қаңтарға дейін ұзартылды. Бұл туралы қаланың санитарлық-эпидемиологиялық департаменті хабарлады.

Қаланың бас санитар дәрігері “Шымкент қаласының аумағында карантиндік шектеу шараларын ұзарту туралы” қаулы шығарған.

Қаулыда, Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 21 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап 2021 жылғы 11 қаңтар сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды:

  • Жұмыс уақытын барынша қысқарту, кеңсе қызметкерлерінің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіру қажет;
  • Сауда орталықтарында, азық-түлік және басқа да  дүкендерде, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар көп жиналатын орындарда күнделікті дезинфекциялық жұмыстар жасалуы керек;
  • Сауда-ойын сауық орталықтары, сыйымдылығы 30% аспайтын сауда үйлері, бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес арақашықтықты сақтаумен жұмыс күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істей алады;
  • Жұмыс, демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктердің қозғалысына сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат.

Еске салайық, керісінше Қарағанды облысында шектеу шаралары жеңілдетілген болатын. Облыста 18 желтоқсан 00.00-ден бастап санитарлық бекеттер алынады. Бекеттер облысқа кіріп-шығуды  бақылау үшін қойылған болатын.

Бұған дейін  “қызыл” аймаққа  Нұр-Сұлтан қаласы кірген, енді Атырау облысы да осы тізімге қосылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз