Головкин-Мурата жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды

0
332
Геннадий Головкин және Риота Мурата.

9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және WBA “суперчемпионы” Риота Мурата (16-2, 13 KO) үш белбеу үшін жұдырықтасады.

Қазақстандық жанкүйерлер бокс кешін тікелей эфирден тамашалай алады. Vesti.kz хабарлауынша, басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00, ал GGG – Мурата жекпе-жегінің өзі шамамен 18:10-де басталады.

Жекпе-жектен Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей трансляция жасайды.

GGG жеңіске жетсе, қыркүйекте Сауль “Канело” Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші рет жұдырықтасады деген болжам бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз