Ресей мен Беларусь азаматтары Қазақстан банктерінен 12 мыңға жуық шот ашқан

0
264
Photo: The Agency of the Republic of Kazakhstan for Regulation and Development of the Financial Market

Биыл 24 ақпаннан бері Ресей мен Белоруссия азаматтары қазақстандық банктерде 11940 шот ашқан. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (АРРФР) баспасөз қызметі хабарлады.

“2022 жылғы 24 ақпаннан бері Қазақстан банктерінде Ресей мен Белоруссияның резидент-жеке тұлғалары үшін 11 940 шот ашылған. Оның ішінде 10 725 шот өтініш берушінің немесе сенім білдірілген адамның Қазақстан банкінде жеке болуы арқылы, 1 215 шот қашықтан ашылған. Нәтижесінде, көрсетілген мемлекеттердің Қазақстан Республикасының банктерінде шоттары бар азаматтарының жалпы саны 162 мыңға жетті”, – делінген агенттік хабарламасында.

Агентік таратқаан ақпаратқа қарағанда, Ресей азаматтарының жаңа шот саны жыл басынан бері аздап өскен. Биыл ақпан айының соңынан бері банк шоттары 7 ресейлік компанияға ашылған. Қазақстан банктерінде шоты бар ресейлік ұйымдардың жалпы саны 805-ке жеткен.

“Қазіргі уақытта барлық шетел азаматтары мен компаниялар үшін банк шотын ашу және жүргізу тәртібі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң (КЖТҚҚ) нормаларымен, сондай-ақ Ұлттық банк пен агенттік талаптарына сай реттелген”, – делінген ақпаратта.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз