Головкин екінші раундта Мартиросянды нокаудқа жіберді

0
92

АҚШ-тың Карсон қаласындағы StubHub орталығында 6 мамыр таңғы сағат 10:00-де өткен жекпе-жекте орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC, IBF және IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин американдық армян боксшысы Ванес Мартиросянмен кездесті. 12 раундтан тұратын жекпе-жекте Геннадий қарсыласын екінші раундта нокаудқа жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Геннадий бүгінгі кездесуде орта салмақтағы WBA Super, WBC және IBO бойынша белбеулерін бәске қойды. Екінші айналымда Мартиросянды нокаудқа жіберген Головкиннің бұл – 38-ші жеңісі. Оның ішінде нокаудпен жеңіске жеткен жекпе-жек саны отыз төртке жетті.

Айта кетейік, Головкиннің осы жекпе-жектен алатын кепілдендірілген гонорары 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл оның соңғы үш жылдағы ең төмен сыйақысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз