Головкин өз салмағында тарихи рекорд орнатты

0
114

Бокстан орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC, IBF және IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Геннадий Головкин Ванес Мартиросянмен жекпе-жекте жеңіске жетіп, әлемдік бокс тарихындағы рекордты жаңартты.

Бүгінгі жекпе-жекте орта салмақтағы WBA Super, WBC және IBO бойынша белбеулерін бәске қойған әлем чемпионы Геннадий Головкин оны жиырмасыншы рет табысты қорғап шықты.

Sports.kz-тің хабарлауынша, GGG бұл көрсеткіш бойынша аты аңызға айналған американдық боксшы Бернард Хопкинспен (55-8-2, 32 КО) теңесті. Бұған дейін Хопкинске ғана бағынған шыңға енді Головкин де шықты. 

Бернард Хопкинс 1995 – 2005 жылдар арасында өз титулын жиырма рет қорғаған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз