«Мен шаршы алаңдамын, белдіктерім қолымда, келіңдер алып көріңдер»

0
130

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин американдық боксшы Ванес Мартиросянмен жекпе-жектен кейін берген сұхбатында алдағы уақытта қолғап түйістіретін қарсыластарын шабыттандырды.

Жекпе-жектен кейінгі сұхбатта Головкин: «Мен шаршы алаңдамын, белдіктерім қолымда, келіңдер алып көріңдер», – деп мәлімдеді.

Сонымен қоса, ол әлеуметтік желідегі парақшасында қолдау білдіргендерге алғысын жаудырды.

Еске саламыз, бүгін Астана уақытымен сағат 10:00-де болған жекпе-жекте Геннадий Головкин америкалық боксшы Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз